2019 жылдың 28-30 қазанында Алматы қаласында «Тәлімгерліктің негізгі принциптері мен үлгілері» атты семинар өтті
«Бақытты отбасы» жобасы аясында Алматыда Қазақстанның 8 аймағындағы 16 отбасылық ресурстарды қолдау орталығының мамандарына арналған тренинг өтті.
Шараға екі жаттықтырушы қатысты – танымал қазақстандық медиатор, Ұлттық тұтынушылар лигасының жетекшісі Светлана Романовская және өнер магистрі, кәсіби супервайзер, Эстониядан келген инструктор және оқытушы Хелена Эренбуш.
Спикерлер аудиторияны қақтығыстарды тиімді шешудің құралдарымен таныстырды, даулар мен жанжалдарды шешудегі келіссөздер процесінде медиация құзіреттері мен технологияларын қолданудың тәуелсіз дағдыларын үйретті.