Қазақстанда отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту семинарлары басталды

316

Баспасөз релизі, 2019 жылғы 29 шілде, Алматы қ. «Бақытты отбасы» жобасын іске қосу мақсатында «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ отбасы институтын нығайту, ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптыларға психологиялық кеңес және өзге де көмек көрсету, сот отырысында татуластыру құралдарын қолдану, сондай-ақ балаға әділеттілікпен қарап және мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының ҮЕҰ мен БАҚ мамандары үшін балалардың мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Кеңесші құзыретін әртараптандыру — жанжалды шешудің кепілі» тақырыбындағы семинар өткізілу жоспарланған.

Оқыту шаралары 2019 жылғы 29 шілде мен 23 тамыз аралығында отбасын ресурстық қолдау орталықтары ашылған Қазақстанның 8 қаласында өтеді. Атап айтсақ, Тараз, Өскемен, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Атырау және Қарағанды. Ұйымдастырушылар отбасылық жанжалдарды шешу бағатында еңбек етіп жүрген танымал медиатор,
«Параграф" сараптамалық-заң орталығы» ЖШҚ (Ресей) Бас директоры Юрий Капштыкті шақырды.

Оқыту барысында атаулы шараға қатысушылар отбасы жанжалдары қайдан пайда болады және оның себептері, ажырасу себептеріне дәстүр мен өмірлік ұстаным және отбасылық тәрбие қалай әсер етеді, отбасы жанжалдарын анықтау және алдын алу шаралары туралы айтылатын болады.

Жобаның мақсаты — Қазақстандағы ажырасу бойынша пайыздық көрсеткішті төмендету, отбасы институтын нығайту. Қазақстанның 8 қаласында пилотты түрде іске асып жатқан жоба қазақстандықтар некені тіркеуге немесе некені бұзуға отбасылық соттарға өтініш білдірген жағдайда атаулы мекеме қызметкерлері отбасын ресурстық қолдау орталықтарына
жүгінуге кеңес береді, онда психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкердің кеңесін тегін алуға болады. Жобаның бастамашысы және серіктесі ҚР Жоғарғы Соты болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жыл көлемінде жоғарғы сотты жаңғырту, атап айтқанда, отбасы және неке мәселелерін шешу бойынша жеке отбасылық сот құру — олар ажырасу, отбасындағы физикалық зорлық-зомбылық, мүлікті бөлу және т.б. мәселелерді қарастыратын болады.

«Отбасылық соттар жанындағы «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау орталықтарын ашу жобасы ажырасу деңгейін төмендету мақсатында ажырасуға келген ерлі-зайыптыларға белгілі уақыт аралығында татуласу үшін психологиялық көмек көрсету» «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен коммерциялық емес «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ іске асыратын болады.

Link
Share
Send
Send