Алматы қалалық соты мен «Дағдарыс орталықтары одағы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

349

Алматы қалалық соты мен «Дағдарыс орталықтары одағы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов және «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ үйлестірушісі Айжан Медеуова қол қойды. Екі тарап та «Бақытты отбасы» пилоттық жобасын бірлесіп іске асыруға атсалысады. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада — ювеналды, қалалық сотта және Әуезов ауданының сотында отбасын ресурстық қолдау орталықтары құрылып, жұмыс істеуде.



Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бахыт Қасейіновтің айтуынша «сот жұмысының маңызды бағыттарының бірі — отбасын сақтап қалу, сондықтан оңтүстік астанадағы үш сот та дағдарыс орталықтары одағы психологтарымен бірлесіп, отбасын татуластырушы соттар жұмыс істейді. Соттар да, психологтар да отбасын сақтауға, қоғамдағы жанжалды төмендету үшін түрлі шаралар қабылдайды».

Бақыт Қасейінов отбасылық соттар қазір сынақ түрінде жұмыс істейтінін айтты: «қазір бұл жоба сынақтан өтіп жатыр және алдағы уақытта арнайы осы бағытта соттарды дайындап, отбасылық соттарды құру жоспарлануда, яғни «неке және отбасы туралы кодексте» туындайтын барлық мәселелер осы отбасылық сотта қаралатын болады. Осыған орай, некені бұзу, оларды татуластыру, мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеуге қатысты барлық мәселеледе нәтиже көрсету. Осы жағдайда ғана пилоттық жобаны мақұлдап Жоғарғы сот заңнамаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды». Тек Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында ғана «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ деректері бойынша күніне 10-15 жұп ажырасу туралы өтініш береді.


Link
Share
Send
Send