«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

221

Бүгін біз Қазақстанның ең жасыл қалаларының бірі – Қостанайда «Бақытты отбасы» жобасының қалай жүзеге асқаны жайында айтып береміз. Ол үшін біз Қостанайдағы «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталығының үйлестірушісі Нина Косюкқа жүгіндік.

Республика бойынша Қостанай облысы неке бұзу процестері бойынша көшбасшы орынға ие – осы өңірдегі ажырасу пайызы 65%-ды құрайды. Сонымен қатар, Нина Косюк айтып өткендей, тұрғындардың орналасқан ауданына байланысты ажырасулар санының айырмашылығы бар. Осы аймақтың оңтүстік облыстарында отбасылық дәстүрге әлдеқайда берік, мұнда отбасыны сақтап қалу үшін ата-аналары да атсалысады. Ал облыстың солтүстік аймақтарында ажырасу саны бірнеше есе көп. Мұндай айырмашылық отбасылық тәрбие мен отбасылық құндылықтың әртүрлі болғанынан деп түсеніміз. Сондықтан, Нина Косюк еліміз бойынша отбасылық құндылық туралы көбірек насихаттау керек деп есептейді.

Ажырасудың асқақтап кетуі бала өмірінде пайда болатын мәселеге жетелейді. Атап айтқанда, ажырасқан отбасы балалары махаббат деген сезімді алмастыру жолдарын іздейді және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ажырасқан отбасы балалары өзіне назар аударғанын қалайды және құқық бұзушылыққа жол беру қаупі бары анық. Балалар көп жағдайда өздерін ешкімге қажет еместей сезініп, өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін. Сонымен қатар, психикалық тұрғыда бала жиі ауырып, осылайша өзіне назар аудартамын деп ойлайды. Егер бұл аймақ ажырасу бойынша көшбасшы болса, ал қалған бағыттар бойынша да көш бастап тұр ма, бұл сұраққа көбіміз бас ауырта бермейміз. «Дегенмен, біз осы ажырасу бойынша жоғары көрсеткішті жоюға талпынамыз, бірақ ажырасудың себебін анықтауға тырыспаймыз. Мықты отбасы – ол мықты мелекет деп айту кездейсоқ емес. Ал мықты отбасында проблема болмасы үшін мемлекет ақша бөлуі керек», – деп атап өтті Нина Косюк.

Қостанайда атаулы жобаға билер кеңесі үлкен қызығушылық танытты. Мұны аға ұрпақтың жас жұбайлардың болашағына қосқан үлесі мен қолдауы деп айтуға болады. Дәл осы «Бақытты отбасы» жобасы Қазақстанда ажырасудың алдын алу үшін негіз болуы тиіс, ал ресурстық орталықтарда жұптар білікті психологтардың, заңгерлердің, медиаторлардың көмегіне жүгіне алады.

Өңірлерде өткізілетін семинарлардың да маңызы зор. Біздің спикерлердің айтуынша, ешкім отбасылық өмірдің қандай болатыны, тіпті жанұяның қарапайым қағидаларын балаға үйретпейді. «Біз үнемі кәсіби тұрғыда өсуді, ақыл-ойды дамытуды, тіл үйренуді насихаттағанымызбен, отбасылық өмір туралы білім беруді қойдық. Ал семинарлар жастарға екі жақтың мүдделерін ескере отырып, отбасында қалай бақытты өмір сүру керегін түсінуге көмектеседі», – дейді Нина Косюк.

25 жылдық жұмыс тәжірибесі бар психолог, біздің батырымыз қазақстандық жанұяның проблемасын жақсы біледі. «Менің барлық жұмысым отбасыға байланысты, сондықтан Қазақстанда осындай орталықтарды құру жобасы іске асуы тиіс, – деп атап өтті Нина Косюк. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде мен жұптарға кеңес беріп, оларға психологиялық көмек көрсетуді жалғастырамын. Қысқа уақыт ішінде 10 жұптың 6-ын татуластыра алдым. Тәжірибе көрсеткендей, мамандардың кеңесінен кейін қайта татуласқан жұптарға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз».

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру кезінде қиындық туындады. «Мәселенің бірі соттар біздің ресурстық орталығымыздың мақсаты мен міндетін толық түсінбеді. Дегенмен, орталықтың немен айналысатыны және соттарға мұның қаншалықты пайдалы екені түсіндірілсе, семинарлар өткізсе, онда бұл мәселені жоюға болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, отбасы мәселесі түрлі соттарда талқыланатынын ашып айтты: ювеналды соттарда балаларды бөледі, маскүнемдік пен зорлық – зомбылық мәселелерін әкімшілік сот қарастырады, ал азаматтық соттарда ажырасу туралы шешімдер қабылданады. Осыған орай, отбасылық мәселеге қатысты істерді біріктіріп, бір жерде шешетін бірыңғай отбасылық соттың болуы тиіс екенін айтып алға тартты.

Link
Share
Send
Send