«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

162
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласына шолу жасаймыз. Өскемен қаласындағы «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау орталығының үйлестірушісі Назигүл Ахметқалиева, осы аймақтағы «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру кезіндегі ерекшеліктер туралы әңгімелейді.


 
Шығыс Қазақстанда атаулы жобаны іске қосқанша, облыстық Әділет департаментінің мәліметі бойынша некеге тұрған 100% жұптың 60%-ы ажырасатын болған. «Бақытты отбасы» жобасы өз жұмысын бастап, осы көрсеткішті төмендетуге мүмкіндік берді және бүгінгі күні некеге тұрған 100% жұптың 50%-ы ажырасқан. Демек, 10%-ға төмендеген. Назигүл Ахметқалиеваның пікірінше, жобаның соңына қарай бұл көрсеткіш 45%-ға дейін төмендейді және қысқа мерзім ішінде мұндай нәтижеге қол жеткізу атқарылған сапалы қызметтің арқасы деп отыр. Сондай-ақ, жобаны іске қосқалы орталыққа өтініш білдірген 100% жұптың 26%-ы отбасын сақтап қалған.
 
Назигүл Ахметқалиеваның айтуынша, ажырасуға себеп негізгі 5 бағыттың ШҚО-да кеңінен тарағаны, ол 5 жылға дейінгі некедегі адамдар отбасылық өмірге дайын болмағаны. Ал, 5 жылдан көп бірге тұрған ерлі-зайыптылар опасыздық, қызғаныш, зорлық-зомбылық кесірінен жиі ажырасады дейді. Онымен қоса, әрине, әлеуметтік жағдайы мен зиянды әдеттердің кесірі де бар.
 
Ажырасуға ең алдымен әйел бел буады деген екі жақты пікір бар. Дегенмен, ШҚО орталығына отбасылық проблемаға тап болған ер адамдар да өтініш білдіреді. Мысалы, тұрақты жұмысы және өз баспанасы бар жас ер адам жүгінді. Оның айтуынша, әйелінің тарапынан әрдайым келеңсіз жағдай болады екен. Бұл жағдай, оның әйелінің тәрбиесі немесе отбасы «құндылықтарына» басқаша қарауында болуы әбден мүмкін.
 
«Бізге жұбайының көзіне шөп салған ер адам жүгінді. Бұл жайлы оның әйелі біледі екен және әйелі ажырасатынын айтқан (әрине, оны түсінуге болады). Ал ері болса бізге келіп, отбасын сақтап қалғысы келетінін және осы мақсатта жұмыс жүргізіп, көмек беруін өтінді. Мұндай жағдайда психологтың жұмысы өте маңызды, ол бастан өткен, көңілде қалған реніштерді қалай кешіруге және оны болашақта қалай мүлдем еске алмауға болатынына бағыт көрсетеді. Әзірге бұл отбасы ажырасуға өтініш жазған жоқ», – дейді спикер.
 
Цифрлы технологиялар мен әлеуметтік желі біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, тіпті жеке өмірге айналды. Назигүл Ахметкалиеваның айтуынша, қолданушылар әлеуметтік желі арқылы орталық мамандары кеңесі мен оларға тегін жүгіну мүмкіндігі туралы біліп, тіпті желі арқылы жобаға басқа қалалардың адамдары да қызығушылық танытуда.
 
Өңірде кеңес беру жұмыстарынан бөлек колледж студенттеріне арналған семинарлар да өткізіледі. «Біз жобаның қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз, – деп түсіндірді Назигүл Ахметқалиева. Мысалы, семинарларда біз жастарға ерте некелесу, екі жастың болашағын құртуы мүмкін деп түсіндіреміз. Ерте некелескен жұп көңілді студенттік уақыт, оқу және жұмыстағы мансапты ойлаудың орнына, үнемі отбасын асырау міндетіне тап болуы мүмкін. Біздің семинарлардан кейін жастар отбасын құру – бұл маңызды қадам екенін түсінеді». Бақытты және ұзақ некедегі адамдар ешқашан мұның бәрі кездейсоқ болды демейді.
 
Біздің үйлестірушіміздің қаланың әлеуметтік өміріндегі рөлі кездейсоқ емес. Назигүл Ахметкалиева және оның командасы 15 жыл бойы Өскемен тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартумен айналысады. 2004 жылы құрылған «Феникс» даму және бейімдеу орталығы қызмет еткен жылдары мигранттардың ықпалдасуынан бастап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету және құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге дейінгі бірнеше бағыт бойынша жұмыстар атқарылды.
 
Бүгінгі күні атаулы Қор осы өңірде, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейде өзін көрсете білді. Бұл жерде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарға құқықтық, әлеуметтік және оқыту жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. «Бақытты отбасы» жобасы, психологтың, дәрігердің, заңгердің тегін кеңесі, сондай-ақ ақпараттық жұмыс Назигүл Ахметқалиеваның пікірінше, Қазақстанда ұзақ мерзімді неке құру және еліміз бойынша ажырасу санын азайтуға арналған платформа болуы мүмкін.
Link
Share
Send
Send