«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

217

«Жоба қатысушылары» айдарында «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру кезіндегі көрсеткіштері туралы сарапшы Эльвира Ватлина айтып берді.



«Ажырасудың алдын алу не үшін қажет? Себебі, көрсеткіштерге мән беретін болсақ отбасындағы шиеленістің өсуіне байланысты балалардың жасаған қылмыстары мен суицидтер саны артқанын байқаймыз, – деді Эльвира Ватлина. 2019 жылы, 9 айдың ішінде балалар 2 148 қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, олардың 143-і қыздар. Балалар жасаған 1 402 қылмыстың ауырлығы орташа. Сотталған кәмелетке толмаған балалар саны 294, ал 325 балаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды».

Суицид бойынша жағдай да алаңдатады. «Биыл тоғыз айдың көлемінде кәмелетке толғандар мен кәмелеттік жасқа толмағандар 2916 суицид жасаған. Олардың 130-ы кәмелетке толмағандардың үлесінде, олардың 85-і ер балалар, ал 45-і қыз балалар. Бес жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 35 суицид, 15 жастан 17 жасқа дейінгі балалар арасында – 50, бес жастан 14 жасқа дейінгі қыздар – 16, 15 жастан 17 жасқа дейінгі балалар арасында – 29 адам өз-өзіне қол жұмсаған», – дейді Эльвира Ватлина.

Оның пікірінше, бұл көрсеткіштің негізгі себебінің бірі – ажырасу. «Балалармен жұмыс істеу саласы бойынша сарапшы ретінде Қазақстанда баланың жанында әрдайым ересек адам еріп жүреді. Яғни қылмыс пен өзіне-өзі қол жұмсауды балалар отбасыдан үйренеді. Осыған орай, отбасында орын алған сәтсіздіктің кесірінен қайғылы жағдайға әкеледі. Бұл отбасылық өмірдің мәдениетімен айналысудың тағы бір себебі», – деп есептейді орталық басшысы.

Жалпы, оның мәлімдеуінше, 1-ші маусымнан бастап Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Өскемен, Тараз, Көкшетау және Қостанайда отбасын ресурстық қолдау орталықтарына 2143 отбасы өтініш білдірді, оның ішінде 2030-ажырасу мәселелері бойынша. 1602 отбасында кәмелетке толмаған балалар бар, бұл ретте 1100 жұп қана балалардың болашақ өміріндегі мәселесін талқылады. Заңгерлердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлер мен адвокаттардың жұмысының арқасында 155 отбасы татуласып, 44-і талап арыз беріп, 56-і медитативтік келісімге қол қойды.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік жобаның мақсаты – ресурстық орталықтардың жұмысын ұйымдастырып, олар әр отбасыға кеңес беру және оларға әлеуметтік қолдау көрсету, өз ойын дұрыс айта білу, сондай-ақ адамның өз сезімін басқара білуін үйретеді.

Link
Share
Send
Send