«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

200

Біздің «жоба қатысушылары» айдарына «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау үйлестірушісі Екатерина Кавлис Нұр-Сұлтанда жобаның қалай дамып келе жатқаны туралы айтып береді.



Екатерина білімі бойынша заңгер, осы мамандығы бойынша адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюрода жұмыс істейді. Екатерина қарастыратын негізгі тақырыптың бірі – өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың құқықтары, дәлірек айтқанда эмоциялық – мінез-құлық ерекшеліктері бар балалардың құқықтары. «Бұл тақырыпты зерттеу кезінде арнайы мектептерде көбіне ата-аналары бұрын ажырасқан және бірінші некеден қалған балалар болып шықты. Ажырасу кезінде, әдетте, балалардың мүдделері ескерілмейді, нәтижесінде олар мектепте, колледжде проблемаларға тап болады. Сондықтан, ажырасу кезінде ата-аналар балалардың мүддесі мен құқығын ескеруі және олардың болашағын ойлауы тиіс», – деп есептейді Нұр Сұлтандағы «Бақытты отбасы» отбасын ресурстық қолдау үйлестірушісі.

Тұрғындар тарапынан психологтар, адвокат, дәрігер, әлеуметтік педагог, медиатор кеңесіне үлкен сұраныс бар. Астанада өтетін бақытты отбасын құру және оны жоспарлау, отбасылық құқық туралы семинарға үлкен қызығушылық бар. «Біз туралы көбірек білген сайын, жобаға соғұрлым көбірек қызығады, себебі отбасы тақырыбы әр адамға қатысты: отбасы ар адам үшін де, отбасын құратын адамға да», – дейді Екатерина Кавлис.

Оның айтуынша, Қазақстанда балалардың құқығын қорғау, ата-ана мен отбасы саласында нақты саясат жоқ. «Бірақ мемлекетіміз осы саладағы жағдайды өзгерту ниетін көріп отырмыз. Отбасылық соттар мен отбасын ресурстық қолдау орталықтарының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, адамдар диалогқа, татуласуға дайын, психологтар мен медиаторлармен жұмыс істеуге қарсы емес. Мұндай тәжірибе біздің елімізде кең таралмаған. Дегенмен, егер мемлекет азаматтарға осындай мүмкіндік берсе, қоғамда диалог деңгейі, жолдасын тыңдай білу және ымыраға келе білу, құқықтық мәдениет, жауапкершілік деңгейі өседі, бұл дағдарысты бастан кешірген мыңдаған отбасыға оң әсер етеді», – деп түсіндірді.

Жоба өзекті және бізге қажет, алайда шектеулі уақыт, қызқа мерзімді жоба көптеген отбасыны қамтуға мүмкіндік бермейді, сондықтан мұндай орталықтар Қазақстанның әрбір қаласында жұмыс істеуі тиіс, өйткені олар отбасын сақтау мәселелерін шешуге ғана емес, сонымен қатар балалардың құқығын қорғауға көмектеседі.

«Біздің психологымыз Диана Бейсованың мәліметінше, елордада ажырасудың негізгі себептері – тұрмыстық зорлық-зомбылық, тек күш көрсету арқылы ғана емес, сондай-ақ психологиялық тұрғыда. Көмек көрсетуге келісім берген барлық жұптармен психологтар жұмыс істейді. Егер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, онда психологтар тек орталыққа жүгінген уақыт аралығында ғана емес, онымен бірге жұп татуласқан күннің өзінде оларға кеңес беріп отырады. Егер татуласқаннан кейін қауіп-қатер төнетіндей болса, онда психологтар жеке тұлғаны түзету бойынша жұмыс істейді. Көптеген отбасыда психологиялық, тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі кездеседі», – деді Екатерина Кавлис.

Орталық мамандары өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға қажетті қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Біздің орталықтың басты жұмысы – қолдау көрсету!

Link
Share
Send
Send