«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

175

Бүгін біз сіздерге Қазақстанның «мұнай астанасы» – Атырау қаласында «Бақытты отбасы» жобасы қалай жүзеге асып жатқаны жайында айтып береміз. Біздің «жоба қатысушылары» айдарында Атыраудағы отбасылық соттар жанындағы отбасын ресурстық қолдау орталығының үйлестірушісі Айгүл Тахиталиеваның әңгімесі.



Атырауда сондай-ақ кәсіби психологтар, медиаторлар мен заңгерлер тегін кеңес береді. Жалпы алғанда, жоба ажырасуға дейін пайда болған отбасындағы жанжалдың алдын алуға мүмкіндік береді, онымен қосқа ерлі-зайыптылар кез келген мәселеге өзге қырынан қарауға және балалар үшін жауапты болуға үйретеді.

Айгүл Тахиталиева өңірдегі ажырасудың ерекшеліктері туралы да айтып берді. Ажырасуға итермелейтін себептің төрт түрі бар. Біріншісі – жастар отбасы және өзінің жауапкершілігін толық орындамайды. Екіншісі – ерлі-зайыптылар «әлі күнге бала қалпында» қалуы және отбасы мен отбасы құндылықтары тақырыбында екі түрлі ұғымда болуы. Үшінші, екі жастың арасына туысқандары араласа бастауы. Төртінші – тәуелділік. Алкоголь немесе құмар ойын және тағы басқалары.

«Дегенмен, некенің басым бөлігі жауапкершіліктің жоғынан бұзылады, – деп атап өтті Айгүл Тахиталиева. Мұның бәрі ер адам әйеліне қол көтеріп, ұрып-
соғуына жеткізеді». Бұл жағдайда психолог, заңгер кеңесі қажет. Ал орталық мамандарының көмегіне ерлі-зайыптылар кез келген уақытта жүгіне алады.

Өтініштер саны артуда, жұптардың кеңес алуына судьялар жолдама береді, дегенмен адамдар орталық туралы таныстарынан естіп те келіп жатады. Тәжірибе сүйенсек, терапиядан кейін жұптар татуласуға, бір-бірін тыңдап және отбасылық мәселені бірігіп шешуге дайын екенін көрсетеді. Ал Атырау орталығына жүгінген және отбасын сақтап қалған жұптар өте көп.

Кейде ажырасудың себептері балалық шақта қалыптасқан психологиялық ұстанымнан да іздеу керек. «Бір күні бізге балалары жоқ жұп жүгінді. 3 жыл
некеде тұрып, дүниеге бала келмеген соң, ажырасайық деп шешім қабылдапты. Психологпен жұмыс барысында қыздың қысыңқы, тұйық мінезі бала көтеруге кедергі келтіргені анықталды. Бірнеше сеанстан кейін қыз жүктілік сынағының екі жолақты көрсеткені туралы жазды. Сондықтан, бұл терапия отбасыларға отбасын сақтап қана қоймай, олардың бақытты өмір сүруіне кедергі келтіретін қиындықтарды анықтауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Айгүл Тахиталиева.

Айгүл Тахиталиева қоғамдық жұмыстарды атқаруды 2004 жылы бастады. Бүгін Ол «ТАҢ» қолдау және дамыту қорында жұмыс істейді. Оның қазіргі
міндеті азаматтық секторды дамыту, сондай-ақ өңірдегі ҮЕҰ азаматтардың әлеуетін және белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру.

Link
Share
Send
Send